Клиникалық оқыту – бұл клиника және жекеменшік медицина кабинеттерінің жұмыстарына заманауи жоғары технологиялы медициналық жабдықтарды интеграциялаудың маңызды бөлігі.

Біздің косметологиялық жабдықты сатып алғанда клиенттерімізбен ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынас құруға ұмтыламыз және клиника қызметкерлерін оқытуға көп уақыт бөлеміз.

Dr. ЭСТЕТИК TECHNOLOGIES компаниясының көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі дәрігерлері (сертификатталған үйретушілер) әзірленген әдістемеге сәйкес, клиника мамандарын оқытып-үйретеді.

Оқыту бағдарламасына кәсіби шеберлік сабақтары, мамандарға арналған семинарлар мен аппараттық косметология бойынша онлайн вебинарлар енгізілген.

Біздің жабдықты сатып алғаннан кейін Сіз ие болатын артықшылықтар:

  • Қолды орналастырумен құрылғыда жұмыс істеуде кәсіби оқыту. Біздің клиника үйретушісі Сіздің клиникаға барып, тәжірибе көрсете отырып, кешенді курс өткізеді. Сіз курсқа модельдерді шақыра аласыз немесе емдеу шараларын өзіңізге не әріптесіңізге істеп, нәтижесіне баға бере аласыз. Көбіне дәл сабақ барысында шынайы әрі жылдам кері байланыс алу үшін екінші нұсқасын қолданады.
  • Екінші оқыту және білім қорына қолжетімділік. Үйретуші келіп кеткеннен кейін Сіз әрдайым бізбен хабарласып, қызықтырған сұрақтарыңызды қойып, кеңес, хаттама, манула, т.б. Сізге және дәрігерлеріңізге құрылғыдағы жұмысты тиімді етуге көмектесетін барлық қажетті нәрселерді алуыңызға болады. Сонымен қатар Dr. ЭСТЕТИК TECHNOLOGIES компаниясының оқыту бағдарламасына мамандарға арналған семинарлар, кәсіби шеберлік сабақтары және аппараттық косметология бойынша вебинарлар енеді.
  • Dr.ЭСТЕТИК TECHNOLOGIES компаниясының вебинарларына өмір бойы қатысу. Біз пайдалы практикалық тәжірибелермен, жаңа технологиялармен және жабдықтарымыздың бірегей ерекшеліктерімен бөлісу үшін дәрігерлер мен кәсіп иелеріне онлайн вебинарларды жиі өткіземіз. Біздің клиенттер мұндай шараларға жиі қатысады және өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта жазбаларды қайтадан көру мүмкіндіктеріне ие.

Каталогқа өту